Алматылық келіншек алданып, еңбек құлдығына ұшырай жаздады

Алматы қаласының прокуратурасы ел азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілгенін хабарлады.
Оқиғаның мән-жайы
Зардап шегуші ұзақ уақыт бойы «Ханифа» атты шетел азаматымен байланыста болған. Ол әйелді бірнеше рет «тиімді жағдаймен» жұмысқа орналасу үшін Таяу Шығыс елдерінің біріне көшуге ұсыныс жасаған.
Әйел жақындарын хабардар етпестен, өз бетінше шетелге ұшып кеткен.
Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына келгеннен кейін, әйел адамды ұстап, сол күні Қазақстанға қайтарған.
Алматы қаласының прокуратурасы шетелде жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алған азаматтарға алаяқтар мен адам сатушылардың құрбаны болмас үшін қырағылық танытуға, ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырады.
Бұған дейін, мақтаралдық бойжеткен өзін 45 жастағы еркек 8 ай бойы зорлап, өзгелерге сатып келгенін айтып, шағымданған.