
Жазда ғана жөндеуден өтіп, күздің алғашқы күнінде құлаған Өскемендегі Үлбе өзені арқылы өтетін автокөлік көпірін мердігер кепілдік аясында жөндеуге міндеттелуі мүмкін, деп хабарлады Besmedia агенттігі.
Жағдайға түсініктеме берген Өскемен әкімі Алмат Ақышев оқыс оқиға жауын үш күн бойы толассыз жауып, өзен деңгейінің қатты көтерілуінен болғанын, көпірдің тіреуі өзен ағысына шыдас бермегенын атап өткен.
Алмат Ақышевтың сөзінше, көпірді жөндеген мердігер кепілдік міндеттемелері аясында өткелді қалпына келтіруге міндеттелуі мүмкін.
1 қыркүйекте Өскемендегі ел арасында Шнайдер аталып кеткен көпірдің бір бөлігі опырылып түскен. Көпір биыл ғана бюджет есебінен жөнделген. Оның тіреуіш конструкцияларын қайта жаңғыртуға 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Бұған дейін, Семейде Қытай ақшасына жаңа көпір салынып жатқанын жазғанбыз.