Қазгидромет үсік жүретін аймақтарды атады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазгидромет үсік жүретін аймақтарды атады
Қазгидромет үсік жүретін аймақтарды атады / фото: shutterstock

Қазгидромет Жаңа Жер аймағынан келген суық ауа массалары республиканың басым бөлігінде ауа температурасын төмендететінін хабарлады.

Соның салдарынан Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта ауа температурасы +2…+8°С-қа дейін төмендеп, топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік күтіледі.

Тіпті оңтүстік-шығыс өңірлерінің тұрғындары да күндізгі уақытта ыстықтың бәсеңдеп, +20…+28°С шамасында болатынын сезінеді деп күтіліп отыр.

Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысы кезеңнің басында Иран аймағынан келген жылы ауа массаларының ықпалында болады, онда әлі де +32…+40°С қатты ыстық сақталады деп болжанып отыр.

Синоптиктердің дерегінше 3 қыркүйек күні ШҚО, Абай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында үсік жүреді.

Бұған дейін, қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжаған.

Сондай-ақ оқыңыз