Ресей Мәскеуге жұмыс істеуге барған қазақстандықтардың жүріп-тұрғанын бақылайды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ресей Мәскеуге жұмыс істеуге барған қазақстандықтардың жүріп-тұрғанын бақылайды
Ресей Мәскеуге жұмыс істеуге барған қазақстандықтардың жүріп-тұрғанын бақылайды / фото: kyrieros.ru

Мәскеу мен Мәскеу облысында визасыз елдерден келген еңбек мигранттарын міндетті түрде «Амина» мобильді қосымшасы арқылы тіркеу бойынша эксперимент күшіне енді.

Ведомости басылымының мәліметінше, мобильді қосымшаны Қазақстан азаматтарымен қоса, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Молдова және Украина азаматтары орнатуға тиіс. Бұл талап еңбек мақсатында алғаш рет келетіндерге және тіркеу мен еңбек келісімшартын ұзартуы қажет шетелдіктерге қатысты қолданылмақ.

Мәскеу көпфункционалды миграциялық орталығының сайтындағы мәліметке сәйкес, қосымша арқылы есепке тұру мерзімі – қолданыстағы миграциялық есептің уақыты аяқталған күннен бастап 30 жұмыс күні.

«Амина» арқылы шетелдік азамат ішкі істер органдарына өзінің тұрақты тұратын (ұйықтайтын және демалатын) мекенжайы туралы қашықтан хабарлауға тиіс. Егер мигрант тұрған жерін өзгертсе, ол үш жұмыс күні ішінде ІІМ-ге қосымша арқылы хабарлауы қажет. Егер осы уақыт аралығында оның геолокация деректері келіп түспесе, оны ММЦ мекенжайы бойынша есептен шығарады. Дәл солай, егер мигрант эксперимент жүрмейтін өңірде есепке тұрса, оны да тіркеуден алып тастайды.

Басылым 1 қыркүйектен бастап мониторинг шарттарын бұзу шетелдік азаматты бақыланатын тұлғалар тізіліміне енгізуге негіз бола алатынын атап өткен.

«Аминаны» тек Ресейдің RuStore қосымшалар дүкенінен жүктеуге болады. Ол Android 7.0 және одан жоғары нұсқасы бар құрылғыларға, сондай-ақ Huawei компаниясының Harmony OS 3 операциялық жүйесі бар смартфондарға орнатылады. Осыған дейін қосымша 200 мыңнан астам рет жүктелген.

Сондай-ақ оқыңыз