Самокатшылар бір тәулікте 1 мыңнан астам рет тәртіп бұзған

Алматы полицейлері самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері электросамокат пен электровелосипед жүргізушілері тарапынан 11 922 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Ал рейд барысында соңғы тәуліктің өзінде 1 076 ереже бұзу дерегі анықталған. Оның ішінде:
Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын талаптарды бұзу – 846 жағдай;
Жаяу жүргіншілер мен өзге де қатысушылар тарапынан қозғалыс ережелерін бұзу – 229 жағдай;
Ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамауы – 5 жағдай.
Рейд барысында тәртіп сақшылары тротуарлар мен жолдың жүру бөлігінде қараусыз қалдырылған самокаттарды да анықтаған. Бұл жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде 69 самокат арнайы тұраққа қойылған.
Алматы полициясы тұрғындар мен қала қонақтарын электросамокат пен электровелосипедті пайдаланғанда тәртіпті сақтауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауға шақырады.
Бұған дейін, Алматыда екі жасөспірім самокатпен бала арбасына соқтығысқан.