Жаңалықтар

Семейде 12-13 жастағы балаларды зорлаған студент өмір бойына сотталды

Семейде 12-13 жастағы балаларды зорлаған студент өмір бойына сотталды
Семейде 12-13 жастағы балаларды зорлаған студент өмір бойына сотталды / фото: shutterstock

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты қылмыстық істі қарады.

Жабық жағдайда қаралған істе сотталушыға зорлау (ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі), жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі) фактісі бойынша айып тағылған.

Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушы Семей қаласында 2022 жылдың мамыры мен 2025 жылдың қаңтар айларында 12 және 13 жастағы жас балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер жасаған.

Сот үкімімен студент кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін, Абай облысында әйелінің жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталғанын хабарлағанбыз.