Алматыда екі жасөспірім самокатпен бала арбасына соқтығысты

Алматыда екі жасөспірім самокатпен бала арбасына соқтығысты. Бұл туралы Алматы қалалық полициясы хабарлады.
Жасөспірімдер мінген самокат арбаны қатты соққан. Нәрестені арбаның күшейтілген қаңқасы қорғап қалды. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.
Куәгерлердің сөзінше, оқиғадан кейін жасөспірімдер оқиға орнынан қашпақ болған, алайда жүргіншілер оларды ұстап, полицияға тапсырған.
Алғашқыда құқық қорғаушылар тек профилактикалық әңгіме жүргізгені хабарланған еді. Алайда Алматы қалалық Полиция департаменті кейін жасөспірімдерге жеке мобильді құралдарды пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелгенін нақтылады. Сонымен қатар олардың ата-аналары балаларын дұрыс қадағаламағаны үшін жауапқа тартылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы полициясы самокаттармен рейдке шыққан еді.