Lifestyle

Макс Корждың заңгері Алматыдағы концертіне қатысты пікір білдірді

Макс Корж Алматыдағы концертіне қатысты пікір білдірді / фото: архив kursiv.media

Алматыдағы Орталық стадионда 6 қыркүйекке жоспарланған беларусь әншісі Макс Корждың концерті өтпейтін болды деп хабарланған еді. Алайда әнші командасының заңгері бұл жағдайға байланысты ресми пікір білдірді.

Заңгердің айтуынша, концертті ұйымдастырушы тарап өзіне жүктелген барлық міндеттемелерді уақытылы және толық орындаған. Барлық қажетті рұқсаттар алынып, стадионмен келісімшарт жасалған және алдын ала төлем де енгізілген.

«Қазіргі таңда стадионды жалға алу туралы келісімшарт заңды күшінде. Оны біржақты тәртіпте бұзу негіздері жоқ. Концерттің кейінге қалдырылатыны жөніндегі ақпарат тек Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды, бірақ бұл келісімшартты өзгерту немесе бұзу үшін заңды негіз бола алмайды», – деді заңгер.

Оның сөзінше, келісімшартқа сәйкес концерттің тек футбол матчының өткізілуіне байланысты ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай себеп жоқ.

Заңды тұрғыдан алғанда, концерт әлі де сол күні және сол орында өтетін іс-шара болып есептеледі. Ұйымдастырушылар стадионнан келісімшарттағы міндеттемелерді орындауды күтеді.