Динара Құлыбаева заңды бұзып, Алматы көшелерінің бірін иемденіп алған – депутат

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің редакторы
Бақытжан Базарбек Динара Құлыбаева иемденіп алған көшенің мемлекетке қайтарылатынын айтты / Фото: коллаж kursiv.media

Динара Құлыбаева заңнаманы өрескел бұзып, жекешелендіруге жатпайтын жер учаскесі, яғни көшені иемденіп алған. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбек айтты.

«Мен арыз дайындадым. Тау бөктеріндегі көше, Алматы қаласының қақ ортасында тұр дей алмаймыз. Әйтсе де, бұл көше әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан. Динара Құлыбаева Жер кодексінің 26-бабын қатаң түрде бұзып көшені жаулап алған. Сондықтан да көшені жекеменшікке беру фактісі және заңсыз рәсімдеу фактісі бойынша тексеріс ашылады. Соның негізінде жер мемлекетке қайтарылады», – деді Бақытжан Базарбек.

Сонымен бірге депутат, заңды белшесінен басып, көшені жекеменшікке өткізуге қатысы бар лауазымды тұлғалардың барлығы жауапқа тартылатынын айтты.

Еске сала кетсек, шілде айында депутат Алматыдағы заңсыз құрылыс мәселесін Мәжілісте көтеретінін жеткізген болатын. Базарбек қалада жүріп жатқан құрылыстың біршамасы заңсыз жүріп жатқанын, салдарынан қаланың  «бетон геттоға» айналып бара жатқанын айтты.

Ал мұның алдында депутат олигархтардың елдегі су қоймаларын заңсыз иемденіп алғанын айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз