VIII сайланған парламенттің IV сессиясы ашылды

VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің 4-сессиясы ашылды. Сессияны Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ашты.
«Осы күндері президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай халық республикасында ресми сапары өтіп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 6-бабының, 5-тармағына сәйкес, маған Парламент Мәжілісінің төрағасы ретінде ҚР президентінің тапсырмасы бойынша 8-ші сайланған ҚР парламентінің 4-сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер», – деді Қошанов.
Енді қос палатаның бірлескен отырысы 8 қыркүйек күні өтеді. Бұл күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жариялайды.
Айта кетейік, парламенттің ІII сессиясы 30 маусым күні аяқталып, депутаттар каникулға жіберілген болатын.