«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Реалмен» ойын алдында «Қайратқа» қолдау көрсетті

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Қайрат» футболшыларының баға жетпес тәжірибе жинайтынын айтты / фото: «Қайрат» ФК
«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Қайрат» футболшыларының баға жетпес тәжірибе жинайтынын айтты / фото: «Қайрат» ФК

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Александр Глеб «Реалмен» ойын алдында «Қайратқа» қолдау көрсетті. «Қорқатын түгі жоқ», – деді ол.

Спорт Шредингера ақпаратына қарағанда, «Барселона» мен «Арсеналда» ойнаған футболшы «Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуын «тарихи жетістік» деп атады.

«Бұл – бүкіл Қазақстан үшін тамаша жеребе. Елімізге жұлдызды клубтар келеді. Үлкен ажиотаж болады. Ал футболшылар баға жетпес тәжірибе жинайды. Әлемдік гранд стадионына шығу – нағыз арман. Әр сәттен ләззат алсын деймін. «Қайратқа» тек өз ойынын көрсетіп, ешкімнен қорықпау керек. «Селтикті» жеңудің өзі – үлкен жетістік, – деді Глеб сұхбатында.

«Қайрат» шотландиялық «Селтикті» жеңіп, алғаш рет негізгі кезеңге жолдама алды. Енді алматылық клуб әлемнің мықты ұжымдарымен кездеседі: «Реал», «Интер», «Арсенал», «Пафос», «Копенгаген», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Спортинг».

«Қайрат» алғашқы ойынын 18 қыркүйекте Лиссабонда «Спортингке» қарсы өткізеді.

Бүгін «Қайрат» – «Реал» матчы қайда өтетіні белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз