
«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Александр Глеб «Реалмен» ойын алдында «Қайратқа» қолдау көрсетті. «Қорқатын түгі жоқ» деді ол.
Спорт Шредингера ақпаратына қарағанда, «Барселона» мен «Арсеналда» ойнаған футболшы «Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуын «тарихи жетістік» деп атады.
«Бұл – бүкіл Қазақстан үшін тамаша жеребе. Елімізге жұлдызды клубтар келеді. Үлкен ажиотаж болады. Ал футболшылар баға жетпес тәжірибе жинайды. Әлемдік гранд стадионына шығу – нағыз арман. Әр сәттен ләззат алсын деймін. «Қайратқа» тек өз ойынын көрсетіп, ешкімнен қорықпау керек. «Селтикті» жеңудің өзі – үлкен жетістік, – деді Глеб сұхбатында.
«Қайрат» шотландиялық «Селтикті» жеңіп, алғаш рет негізгі кезеңге жолдама алды. Енді алматылық клуб әлемнің мықты ұжымдарымен кездеседі: «Реал», «Интер», «Арсенал», «Пафос», «Копенгаген», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Спортинг».
«Қайрат» алғашқы ойынын 18 қыркүйекте Лиссабонда «Спортингке» қарсы өткізеді.
Бүгін «Қайрат» – «Реал» матчы қайда өтетіні белгілі болды.