Жаңалықтар

Alatau City-ді салуға қытайлық компаниялар көмектеседі

Alatau City қаласының болашақ бейнесі / Фото: Алматы облысы әкімдігі

Қазақстан мен Қытайдың China State Construction Engineering Corporation компаниясы Alatau City жаңа қаласын салу аясында келісімге қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны инновациялар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жасалған маңызды қадам деп атады.

Президенттің айтуынша, Alatau City жаңа қаласының құрылысына ерекше мән беру керек. Жоба инновация, криптоөндіріс және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуда өңірлік деңгейдегі ірі орталыққа айналуы тиіс. Бұл мәселеде Астана қытайлық компаниялармен тығыз әріптестікке үміт артады.

Біз бүгін Қазақстан мен China State Construction Engineering Corporation арасында қол қойылған келісімді толық қолдаймыз. Құрылысты кешіктірмей бастау қажет деп санаймын. Жақын уақытта Alatau City дербес экожүйе мәртебесіне ие болады», – деді президент.

Бұған дейін Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Alatau City-ді шетелдіктер үшін визасыз әрі ерекше құқықтарға ие «қазақстандық Дубайға» айналдыру жоспарланғанын мәлімдеген еді.

Қазіргі таңда Алатауда мемлекеттік органдар жүйесі құрылған: әкімдік, прокуратура және басқа да ведомстволар. 2024 жылғы мамырда қаланың бас жоспары бекітілді. Жазда алғашқы нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын түзету жұмыстары жүргізілді.