Жаңалықтар

Ресейлік «Газпром» мен қытайлық CNPC жаңа газ құбырын салады

Фото: gazprom.ru

Ресейлік «Газпром» мен қытайлық CNPC стратегиялық серіктес болу туралы жаңа меморандумға қол қояды. Оның аясында «Сібір күші – 2» және «Моңғолия арқылы өтетін «Одақ-Шығыс» атты транзитті газ құбырының құрылысына келісті. Бұл туралы ресейлік компанияның басшысы Алексей Миллер хабарлаған.

Жаңа құжатқа сәйкес, аталған газ құбырлары арқылы 30 жыл бойы жылына 50 млрд текше метр газ жіберіледі. Сондай-ақ «Сібір күші» арқылы өтетін көгілді отын көлемін жылына 44 млрд текше метрге, ал «Шығыс маршрут» арқылы өтетін газды 12 текше метрге көбейту туралы келісімге қол қойды.

«Сібір күші-2» газ құбырын жобалау 2020 жылы басталған еді. Шамамен ұзындығы 6,7 мың шақырым. Оның 2,7 мың шақырымы Ресей аумағы арқылы өтеді. 2023 жылы мамырда ресейлік үкімет «Сібір күші-2» газ құбыры арқылы Қытайға газ жеткізуге келіскен еді.

«Сібір күші 2» газ құбырын Қазақстан арқылы жүргізу мүмкіндігі талқыланған еді. Бірақ, әзірге, Қытай тарапы үшінші ел арқылы өткізу тиімсіз және қымбатқа түседі деп есептеп отыр.