Тамызда инфляция 12,2%-ға жетті

Жарияланды 2 Қыркүйек 2025 16:51

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Қазақстанда инфляция одан сайын өсті / фото: shutterstock
Фото: ашық дереккөзден

Тамызда елдегі инфляция деңгейі 12,2%-ға жетті. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш 11,8% болған еді деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросынан.

Осы жыл ішінде ақылы қызметтер құны 15,3%, азық-түлік бағасы – 11,7% және азық-түлік емес тауарларға 9,7% өсті.

Инфляцияның ең жоғары деңгейі Қарағанды облысыда (14,4%), Ақмола облысында 13,0% тіркелді. Алматыда 12,7%, Астанада 12,8% тіркелген.

Бұған дейін Ұлттық банк мәлімдемесінде 2025 жылы инфляция – 11-12,5%, 2026 жылы – 9,5-11,5%, 2027 жылы – 5,5-7,5% шегінде қалады деп болжам жасаған еді.

Реттеуші 29 тамызда өткен жиында базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Мөлшерлемеге қатысты түсіндірмесінде инфляцияның 11,8 % деңгейінде сақталғанын атап өтеді. Ұлттық банк дерегінше, шілдеде халықтың инфляцияға қатысты болжамы 14,2%-ға дейін өскен.

Бірақ қаржы ұйымы алдағы уақытта инфляция қарқыны баяуламаса, базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін екендігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз