Депутат Астанадағы кептелісті азайту үшін троллейбус пен трамвайға көшуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл Астанадағы көлік кептелісін азайтудың екі жолын ұсынды. Бірі жұмыс пен оқу кестесін өзгерту керек немесе троллейбус пен трамвайға көшу қажет.
«Әрине бізге жағдай түсінікті, адамдар жұмысқа барады, қаланың шет аймақтарынан келетіндер бар, оның үстіне автобустар лық толы. Мүмкіндігі барлар такси шақырады, өз көлігі барлар көлігімен жүреді. Содан кептеліс пайда болатыны айдан анық», – деді ол.
Депутаттың айтуынша, Астана мен Алматыдағы кептелістердің бірден-бір себебі, қарбалас уақыттарда жолдарда шамадан тыс кептеліс орнайды, қоғамдық көлік жүйесінің әлсіздігі тағы бар. Оның үстіне таксиде жүретіндер қозғалысты одан сайын қиындатып отырғанын айтады.
Сондай-ақ, Еркін Әбіл Астана үшін бір LRT желісігің жеткіліксіз екенін айтты. Ол қаладағы кең көшелерді тиімді пайдалану үшін трамвай маршруттарын іске қосуды ұсынды. Бұл LRT-ге қарағанда арзанырақ болады деп санайды.