Түркістан облысында тойда әншіні ұрған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Тойда әншіні ұрған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды/Фото: shutterstock

Түркістан облысы Төле би ауданы Зағамбар ауылында өткен тойдың бірінде әнші қызды ұрып-соққан ер адам анықталды. Полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиға 31 тамыз күні болған. Тойда ән айтып тұрған әнші Азоданы әлдебір ер адам әй-шәй жоқ ұрып-соққаны түскен видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда таяқтың астында қалған әйелдің бетін бұғып отырып қалғанын байқауға болады.

Бейресми мәліметке қарағанда, ұрған адам әншінің бұрынғы қайынатасы. Әнші «Бұл маған қасақана жасалған қастандық» деп мәлімеді.

Облыстық полиция департаментінің Kursiv.Media-ға хабарлауынша, аталған факті бойынша «ұрып-соғу» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

«Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады» делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз