
Қазақстандықтар Арменияға паспортсыз кіре алады. Дәл осындай тәртіп Армения азаматтарына да Қазақстанға кірген кезде қолданылады. Мәжіліс екі ел арасындағы келісімді мақұлдады.
Шекара бақылауы кезінде қазақстандықтар тек жеке куәлігін, ал армяндар идентификация картасын көрсете алады. Бұған дейін мұндай ереже тек Ресей мен Қырғызстанға баруға қатысты қолданылып келген.
Енді Мәжіліс мақұлдаған құжатты Сенат қолдаса, әрі қарай президентке қол қоюға жіберіледі.
Айта кетейік, ЕАЭО (Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Армения) елдерінің азаматтарына бір-біріне сапар шеккенде жеңілдетілген режим қолданылады. Қазір қазақстандықтар Арменияда және армяндар Қазақстанда 90 күннен артық бола алмайды.
1 қыркүйектен бастап Латвияға кіру үшін кемінде 48 сағат бұрын ресми сайтта электронды сауалнама толтыру қажет. Бұл елге сапар шегу үшін қазақстандықтар алдын ала шенген визасын алуға тиіс. Оның құны ересектер үшін – 90 еуро, 6-12 жас аралығындағы балалар үшін – 45 еуро. Виза орталығының сервистік алымы 20-30 еуроны құрайды.