Таиланд әуекомпаниясы Алматыдан аптасына 4 рет жолаушы тасымалдайды
Жарияланды

Желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің Thai Air Asia X лоукестері Қазақстан нарығына шығады. Бұл туралы Қазақстанның көлік министрлігі хабарлады.
Әуе компаниясы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жолаушы тасымалдайды.
«Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, қазақстандықтар Арменияға паспортсыз кіре алады. Дәл осындай тәртіп Армения азаматтарына да Қазақстанға кірген кезде қолданылады.