Банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жомарт Ертаев бостандыққа шықты/Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дина Карамчакова

Bank RBK-дан ақша жымқыру ісі бойынша сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты. Ақпаратты ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

«Сотталған Ертаев жазасын сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеген. Сот шешімі негізінде оған рақымшылық жасау актісі қолданылып, босатылды», – делінген ақпаратта.

Алайда әрі қарай бақылау мен қадағалау үшін бұл сотталған пробация қызметінің есебіне қойылған.

Bank RBK ісі

Ертаев Ресейде ұсталып, 2019 жылдың 15 наурызында Қазақстанға экстрадицияланған. Ол 2011-2017 жылдарда басқа тұлғалармен алдын ала келісіп, қызметтік лауазымын пайдаланып, Bank RBK-дан қомақты ақша жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінді. 

Ертаевпен бірге ақша жымқыру ісі бойынша 54 адам күдікке ілінген. 2020 жылдың қарашасында банкир Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге 35 адамға жаза тағайындалған.

Сотталғандар арасында Qazaq Вankі-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим де болды. Ол 2024 жылдың ақпанында бостандыққа шықты, алайда наурызда қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз