Рақымшылыққа іліккен Жомарт Ертаев туралы не белгілі

Банкир Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты. Ол 2020 жылы 11 жылға сотталған. Араға бір жыл салып, сот Ертаевтың жазасын жеңілдетті. Ол 11 жылдың орнына 9 жыл түрмеде отыратын болды. KursivMedia Ертаевке қатысты іс туралы ақпаратты топтастарды.
Ертаев не үшін сотталды?
Қазақстандық банкир Жомарт Ертаевқа 2018 жылғы наурызда халықаралық іздеуге жарияланды. Ол 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы BANK RBK АҚ-нан 144 млрд теңге жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
2018 жылдың мамырында ол Мәскеуде ұсталды. 2019 жылдың 15 наурызында Қазақстанға экстрадицияланды.
Ертаевпен бірге жымқыру ісі бойынша 54 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде 40-тан астамы банктің топ-менеджері мен қатардағы қызметкерлер.
2020 жылдың қарашасында Алматы соты Ертаевты Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды. Банкир жалған ЖШС арқылы 80 млн доллардан астам несие алуды ұйымдастырған. Сотта Ертаев кінәсін толық мойындады. Жалпы Bank RBK-тен қаржы жымқыру ісі бойынша барлығы 36 адам сотталды.
Ертаевқа қатысты екінші іс
2021 жылдың наурызында Ертаев басқа іс бойынша сотталды. Бұл жолы іс Bank RBK, Qazaq Banki, сондай-ақ Еуразиялық банктен несие қаражатын жымқыру туралы болды. Іс бойынша Bank RBK, «DSFK Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС, Qazaq Banki және Еуразиялық банк жәбірленуші деп танылды. Іс 430 томнан тұрды. Сотта Ертаев іске қатысты болғанымен, қылмысты ұйымдастырмағанын айтты.
Ертаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар оның төрт сыбайласы Серік Атабай, Оксана Шестакова, Әлімжан Тлеубаев и Ақан Сұлтанов сотталды.
2021 жылдың наурызында сот Жомарт Ертаевқа қатысты алғашқы қылмыстық іс бойынша жазаны жеңілдетті. 11 жылдың орнына оған 9 жыл жаза тағайындалды.
5 жылда бостандыққа шықты
2025 жылдың қыркүйегінде Жомарт Ертаевтың бостандыққа шыққаны туралы ақпарат тарады.
Ақпаратты ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.
«Сотталған Ертаев жазасын сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеген. Сот шешімі негізінде оған рақымшылық жасау актісі қолданылып, босатылды», – делінген ақпаратта.
2025 жылдың маусымында Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуына орай сотталған 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соған сәйкес қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босатылады:
- залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар.
- қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
- залал келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген немесе ол бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдар.