Ақсу ферроқорытпа зауытында үш жұмысшыны күйік шалды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ақсу ферроқорытпа зауытында үш жұмысшыны күйік шалды
Ақсу ферроқорытпа зауытында үш жұмысшыны күйік шалды / фото: Ақсу ферроқорытпа зауытының instagram парақшасы

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс барысында үш қызметкерді күйік шалды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілген.

«Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр, үшіншісі амбулаториялық емдеуде», – делінген хабарламада.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі рқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланғанын, тергеу басталғанын атап өтті. Хабарламада компания қызметкерлерге қажетті көмекті көрсетіп жатқаны айтылады.

Бұған дейін, тамыз айында Шымкент мұнай өңдеу зауытында апат болып, екі жұмысшы қаза тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз