ІІМ қылмыс жасаған полицейлерді сатқын деп атап, олармен әңгіме қысқа болатынын айтты

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің ұсталу фактісіне қатысты пікір білдірді.
Сәденовтен мәжілістің баспасөз орталығында Жамбыл облысында ұсталған полицейлерге қандай айып тағылғаны туралы сұраған.
Министрді полицейлер арасында бірді-екілі ғана құқықбұзушылықтар болып жатқанын, алайда бұл полицейлерге жарасатын іс еместігін атап өтіп, қылмысқа барған қызметкерлерді «сатқын деп атады.
«Полицейлер заң мен тұрғындарды қорғауы керек. Ал бұл жерде сатқындық болып тұр. Бізде сатқындармен әңгіме қысқа. Жамбыл бойынша оны өзіміз анықтап, жауапқа тарттық. Біздің ұстанымымыз түсінікті, сатқындармен әңгіме өте қатаң болады», – деген ол полицейлерге тағылған нақты айыпты атамады.
Бұған дейін, Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының экс-орынбасары қамауға алынғаны хабарланған.