Жаңалықтар

ІІМ қылмыс жасаған полицейлерді сатқын деп атап, олармен әңгіме қысқа болатынын айтты

ІІМ қылмыс жасаған полицейлерді сатқын деп атап, олармен әңгіме қатал болатынын айтты
ІІМ қылмыс жасаған полицейлерді сатқын деп атап, олармен әңгіме қысқа болатынын айтты / фото: KursivMedia

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің ұсталу фактісіне қатысты пікір білдірді.

Саденовтен мәжілістің баспасөз орталығында Жамбыл облысында ұсталған полицейлерге қандай айып тағылғаны туралы сұрақ қойылған.

Министр полицейлер арасында бірді-екілі ғана құқықбұзушылықтар болып жатқанын, алайда бұл полицейлерге жарасатын іс еместігін атап өтіп, қылмысқа барған қызметкерлерді «сатқын» деп атады.

«Полицейлер заң мен тұрғындарды қорғауы керек. Ал бұл жерде сатқындық болып тұр. Бізде сатқындармен әңгіме қысқа. Жамбыл бойынша оны өзіміз анықтап, жауапқа тарттық. Біздің ұстанымымыз түсінікті, сатқындармен әңгіме өте қатаң болады», – деген ол полицейлерге тағылған нақты айыпты атамады.

Бұған дейін, Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының экс-орынбасары қамауға алынғаны хабарланған.