Қырғызстан 5 млн долларға Эр-Төштүк туралы анимациялық фильм түсіреді

Қырғыз депутаты Динара Әшімова Эр-Төштүк туралы анимациялық фильм жасауға бюджетте қарастырылған қаражатты бөлуге шақырды.
«Эр-Төштүк» эпосы қырғыз халқының танымал қаһармандық жыры екенін атап өткен ол оның тәрбиелік маңызына тоқталды.
«Бұл шығарма халық үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Белгілі болғандай, кино – азаматтардың санасына ықпал ететін қуатты әрі тәрбиелік құрал. Біздің балалар шетелдік батырларды жақсы біледі, бірақ ұлттық кейіпкерлерді танымайды. Кожожаш, Жаныл Мырза, Эр-Төштүк туралы мультфильмдер түсірілсе, жастар мектептен бастап өз батырларын білетін еді. «Эр-Төштүк» – идеологиялық тұрғыда құнды халықтық шығарма, оны кеңінен насихаттау қажет», – деді қырғыз депутаты.
Оның айтуынша, 2023–2024 жылдары кинематография департаментінің сараптамалық кеңесі Эр-Төштүк туралы мультфильм түсіруге 5 миллион доллар бюджетпен келісім берген.
Депутаттың сөзінше, бірнеше режиссер жұмыс істеген сценарий бекітіліп, Қаржы министрлігі сома ел бюджетінде қарастырылғанын растаған. Алайда мемлекеттік тапсырыс рәсімделуі тиіс деп қаражат бөлмеген.
«Режиссерлер парламенттен осы соңғы қадамды жасап, мультфильмнің жарыққа шығуына көмектесуді сұрайды», – дейді Динара Әшімова.
Ер төстік – қазақ, қырғыз, өзбек халықтарында, сюжеттік линиялары мен образы татат халқында да кездесетін ертегі.
Бұған дейін, ASTANA FILM студиясы мен «Өнер қырандары» театры бірлесіп дайындаған толықметражды анимациялық фильм – ADAM.NARTAUEKEL туралы жазғанбыз.