Инвестиция жасағанда жасанды интеллектті қалай қолдануға болады

Соңғы жылдары бағалы қағаздар нарығы түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұған жасанды интеллект (AI) пен ірі деректерді талдау технологияларының дамуы түрткі болды. Егер бұрын инвесторлар шешім қабылдауда сарапшылардың болжамына және шектеулі деректерге сүйенсе, қазір нейрожелілер мыңдаған ақпаратты талдап, нақты ұсыныстар беруге қауқарлы.
Астана Hub резиденті, «Зерокодер» мектебінің негізін қалаушы және бас директоры Кирилл Пшинник атап өткендей, AI инвестициялық стратегияларды түбегейлі өзгертуде және инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Спикер ITS IDEAS 2025 конференциясы барысында инвесторлар жасанды интеллекті инвестциялық шешім қабылдау барысында қалай пайдалануға болатынын талдап берді.
Ақпаратты жинау және өңдеу
Инвестициялық шешім қабылдаудың негізі – сенімді ақпарат. AI компаниялардың қаржылық көрсеткіштерін, есептілігін және қызмет тарихын талдап, нарықтағы соңғы жаңалықтарды үздіксіз бақылайды. Бұл инвесторға уақытты үнемдеумен қатар, тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Инвестициялық жоспар құру
Жасанды интеллект әрбір инвестордың мақсаты мен тәуекелге деген көзқарасын ескере отырып, жеке стратегия құрады. Мысалы, біреу ұзақ мерзімді өсімді көздесе, екіншісі қысқа мерзімді табысқа мүдделі болуы мүмкін. AI осы ерекшеліктерді ескеріп, қолайлы жоспар ұсынады.
Активтерді талдау
AI әртүрлі қаржы құралдарының (акциялар, облигациялар, валюталар) болашағын бағалайды. Ол қай акцияның бағасы өсетінін, қай облигацияның тұрақты табыс әкелетінін немесе қай валютаның тәуекелі жоғары екенін көрсетіп береді.
Портфельді басқару
Тәуекелді азайту үшін капиталды әртараптандыру маңызды. AI портфельді теңгерімдеуге көмектесіп, қаржыны бірнеше бағытқа бөледі. Бұл әдіс нарықтағы күтпеген өзгерістер кезінде тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді.
Ірі деректерді талдау
Қаржы нарығында күн сайын орасан зор көлемде ақпарат пайда болады. Жасанды интеллект бұл деректерді тез өңдеп, негізгі тенденцияларды бөліп көрсетеді. Инвестор осылайша маңызды сигналдарды дер кезінде байқап, тиімді шешім қабылдай алады.
Бұл ретте сарапшы ЖИ-тің тұжырымы әрдайым дұрыс бола бермейтінін, оны міндетті түрде тағы бір тексері қажетіп атап өтті.
ITS IDEAS 2025 конференциясы барысында нарық қатысушылары акциялар нарығындаағы өзгерістерді талқылап жатыр.