Қазақстан Ресейдің халықаралық банктегі үлесі үшін 18,4 млрд теңге төлейді

Қазақстан алдағы екі жылда Ресейдің Еуразиялық даму банкіндегі (ЕАДБ) 4,2% үлесі үшін жыл сайын 9,2 млрд теңгеден төлеуді жоспарлап отыр. Бұл шығындар 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген.
Құжатқа сәйкес, 2026 және 2027 жылдары Қазақстан жалпы сомасы 18,4 млрд теңге аударады. Бұл ақша елдің банк жарғылық капиталындағы үлесін арттыруға бағытталған.
Аталған үлесті сатып алудың нәтижесінде автомобильдік шекара бекеттерінде кедендік рәсімдерден өту уақыты қысқармақ.
Еске сала кетсек, 2023 жылы Қазақстан Ресейдің ЕАДБ-дағы үлесін сатып алу туралы келісімді ратификациялаған еді. Сол кезде төлем мөлшері 65,1 млн доллар немесе жылына 16,2 млн доллар деп белгіленген болатын.
Нәтижесінде Қазақстанның үлесі 32,99%-дан 37,29%-ға дейін ұлғаюы тиіс еді. Ресей өз үлесінің 21,2%-ын басқа қатысушы елдерге бөліп берген. Бұл банкке санкция салынбас үшін жасалды.
Ал 2024 жылы Қаржы министрлігі жаңа бюджет жобасын ұсынған. Онда Қазақстанның 2024–2027 жылдары жыл сайын 7,5 млрд теңгеден төлеуі көзделген, жалпы сомасы 29,9 млрд теңге болуға тиіс еді.
Жыл сайынғы төлемдердің артуына валюта бағамының өзгеруі себеп. Өйткені есеп айырысу ресейлік рубльмен жүргізіледі, ал төлем доллар бағамына тәуелді.