34 млрд доллар талап еткен: Қазақстан ірі халықаралық дауда жеңіске жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
дау
Қазақстан қандай дауда жеңіске жетті Фото: kursiv.mediа, юильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан шетелдік инвестормен арадағы арбитраждық дауда жеңіске жетті. Инвестор республикадан 34 млрд доллар көлемінде өтемақы талап еткен. ҚазТАГ агенттігі хабарлауынша, Гаага трибуналы Белавин есімді азаматтың Қазақстан Республикасына қарсы шағымын қарауды тоқтатып, талапты негізсіз деп таныған.

«Арбитраж барысында талапкер Қазақстандағы инвестор ретіндегі құқықтарының бұзылғанын және әділ соттың жоғын айтып, бірнеше даулы мәлімдеме жасады. Алайда трибунал бұл айыптауларды растайтын ешқандай дәлелдер ұсынылмағанын анықтады», – деді дереккөз.

Белавин бұған дейін өз ісін «Стати ісінен де ауыр соққы болады» деп сипаттап, ықтимал талап сомасын 34 млрд доллар көлемінде атаған. Сондай-ақ ол сот процесін жиі YouTube-арналарында талқылап келген.

Дегенмен, Гаага соты талапты қанағаттандырудан ғана бас тартып қоймай, талапкерді Қазақстан Республикасына арбитраж шығындарын толық өтеуге міндеттеді.

Ағайынды Статилермен 14 жыл соттасқан Қазақстан үкіметі 2024 жы соңында арадағы дау реттелгенін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз