Экономика

«Заман-Банк» реттеушіден ескерту алды

Фото: Яндекс карта, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «Заман-Банкке» ескерту жасап, жазбаша нұсқама берді. Реттеушінің ескертпесі агенттік сайтында жарияланған.

Қаржы ұйымы тұтынушылардың құқықтарын сақтамағаны және тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылауды қалыптастыру қағидаларын бұзғаны ескерту алды.

ҚНРДА-ның банктік реттеу департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде банктің қызметінде тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысты бірқатар кемшіліктер мен қауіптер анықталған.

Бқған дейін банк атанғанына бір ай толған BNK Commercial-ға да реттеуші тәртіптік жаза қолданған. Маусым айында ірқатар банктердің қызметін тексеру нәтижесінде 11 қаржы ұйымынан заң бұзғаны анықталды.