Димаштың жанкүйерлері әншіні Латын Америкасына шақыру үшін ауқымды жоба бастады

Жарияланды 3 Қыркүйек 2025 08:56

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Кудайберген стал народным артистом еще одной страны Dimash national title
Димашты Латын Америкасына шақырып жатыр / фото: архив kursiv.media

Халықаралық фанаттар тобы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған «Dimash in Latin America» атты жобаны іске қосты. Жанкүйерлер Димашты Латын Америкасына концерттік турға шақырып қана қоймай, Қазақстан мен аймақ елдері арасында мәдени көпір орнатпақ. Бұл туралы Dimashnews сайтында хабарланды.

Алғашқы қадамдар

Жобаның бірінші кезеңі — бейнероликтер сериясы. Онда әр елдің туы, табиғаты мен ұлттық нақыштары Димаштың әуендерімен өрнектеліп көрсетіледі. Әр бейнебаян сол мемлекеттің мәдениетін әншінің шығармашылығымен байланыстыра отырып таныстырады. Бұл роликтер жергілікті медианың назарын аударып, бірнеше радиостанцияда айтылды. Ал Мексикада арнайы телебағдарлама әзірленіп жатыр.

Алдағы жоспарлар

Ұйымдастырушылар ауқымды мәдени науқан өткізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде — «Димаш және әртүрлі елдердің мәдениеті» атты фестивальдер желісі. Онда әншінің әндері латиноамерикалық би, қолөнер көрмелері және аспаздық шоулармен үйлестіріліп ұсынылады.

«Димаш тек дауысымен емес, жанымен ән салады. Ал Латын Америкасында оны бүкіл құрлық құшақ жая күтіп отыр», — дейді фан клуб мүшелері.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың Қазақстанда қытайлық музыкалық реалити-шоуды продюсерлік ететіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз