Dostyk Plaza сауда орталығында ниқабқа тыйым салатын белгі пайда болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: threads.com/@juliachepurina, бильд-редактор: Дина Карамчакова

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында бет-әлпетті толық жабатын киімдерге тыйым салынғанын ескертетін ерекше жапсырмалар ілінді. Бұл туралы Threads желісінде қолданушы @juliachepurina жазып, фотоларымен бөлісті.

Белгілерге сәйкес, келушілерге қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киіммен жүруге болмайды. Оған ниқаб, паранжі сиықты киімдер кіреді. Ал хиджаб пен жай орамалға шектеу жоқ, өйткені олар адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтірмейді.

Әлеуметтік желіде бұл жайт қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар мұны мұсылман әйелдерінің құқығын шектеу деп бағаласа, көпшілігі керісінше — Dostyk Plaza Қазақстан заңнамасын сақтап отыр деген пікірде.

Айта кетейік, 2025 жылғы маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамның бет-әлпетін толық жабатын киімді қоғамдық орындарда киюге заң жүзінде тыйым салған еді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған заңды қолдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз