Қайрат – Реал Мадрид матчына билеттер қалай сатылады: Ticketon мәлімдеме жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрaт – Реал Мадрид матчына билеттер қалай сатылады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Чемпиондар лигасының көптен күткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы қарсаңында жалған билеттердің қолдан жасалып, заңсыз сатылу жағдайлары көбейіп жатыр. Осыған байланысты Ticketon мен «Қайрат» футбол клубы Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп ресми мәлімдеме жасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, билеттер ресми Freedom Ticketon және «Қайрат» футбол клубының ресми сайттарында сатылады.

Желіде жалған билеттерді ұсынып жүрген алаяқ сайттар пайда болды. Үшінші тұлғалардан билет сатып алған жанкүйерлер матчқа кіре алмай қалу қаупіне тап болады.

Сондықтан барлық ресми ақпарат билеттер сатылымының басталу күні, стадионға кіру ережелері мен ұйымдастырушы хабарламалары тек Ticketon мен «Қайрат» ФК-ның ресми парақшаларында жарияланады.

«Әр жанкүйер өз билетінің түпнұсқа екеніне сенімді болып, үлкен футболдың айрықша атмосферасын толық сезінуін қалаймыз. Ресми хабарламаларды бақылап отырыңыздар, стадионда жолығайық!» – делінген Ticketon мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында «Қайрат – Реал Мадрид» ойыны өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз