Қызметкерімен көңілдес болған Nestle басшысы жұмыстан қуылды
Жарияланды

Nestle корпорациясының бас директоры Лоран Фрейше қызметінен босатылды. Фрейше компанияда 1986 жылдан бері жұмыс істеп, 2024 жылы басшылыққа тағайындалған болатын.
Компанияның ресми ақпаратына сәйкес, Фрейше өзінің әріптесі әрі тікелей бағынышты қызметкерімен көңілдес болған. Мұндай байланыс Nestle-дің ішкі корпоративтік ережелерін бұзады.
Компания ұстанымы
«Бұл дұрыс шешім болды. Nestle-дің құндылықтары мен басқару жүйесі – біздің компанияның берік іргетасы. Лоранға ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс айтамыз», – деді директорлар кеңесінің төрағасы Поль Бюльке.
Nestle-дің жаңа бас директоры болып бұған дейін вице-президент қызметін атқарған Филипп Навратил тағайындалды.