Алматы метросы жолаушылар тасымалы бойынша рекорд орнатты
Жарияланды

Алматы метросында 2 қыркүйек күні рекорд орнады. Бұл туралы Алматы қалалық метрополитенінің инстаграмдағы ресми парақшасында жазылды.
«02 қыркүйек 2025 жылы Алматы метрополитенінде жаңа рекорд орнады. Сол күні метро ашылғаннан жабылғанға дейінгі аралықта 117 мың жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш метрополитен тарихындағы ең жоғарғы тәуліктік жолаушылар саны болып тіркелді», – делінген метрополитен хабарламасында.
Айта кетсек, Алматы метросы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қалқаман» бекетіне дейін ұзарады. Қаладағы метро құрылысын Қытай компаниялары жүргізеді. Бұл мақсатта әкімдік шетелден 1 млрд доллар көлемінде қарыз алатыны айтылған еді.