144 млрд теңге жымқырған банкир Ертаев қалай амнистияға ілінді – министр жауабы

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
О непричастности к убийству заявил подсудимый по делу Шерзата Болата
Жомарт Ертаев қалай амнистияға ілінген? / Фото: kursiv.media архив

144 млрд теңге жымқырғаны үшін сотталған белгілі банкир Жомарт Ертаев небары 4 жылдан кейін рақымшылыққа ілінген. Қомақты қаражатты ұрлаған банкир қалай амнистияға ілінгенін журналистер Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Саденовтен сұрады.

Министр банкирдің Қазақстан азаматы екенін, оның қатардағы азамат ретірде барлық жасалып жатқан жеңілдіктерді пайдалану құқы бар екенін мәлімдеді.

«Ертаев сот шешімі бойынша амистияға ілінді. Сот оны пробациялық тәртіппен бостандыққ шығарды. Өйткені оның мемлекет алдындағы қарызы бар. Бұл сот шешімі оған қатысты мен ештеңе айта алмаймын», – деді министр.

Айта кетейік, 2019 жылы BANK RBK» Акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің экс-төрағасы Жомарт Ертаев банктің 144 млрд теңгесін жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген болатын. Мұндай қылмыс үшін Ертаев 11 жылға сотталған болатын. Артынша бұл мерзім 9 жылға қысқарған. Ал бүгін, 3 қыркүйекте Жомарт Ертаевтың рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығанны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз