Елде үш ауысымды мектептер саны 4 есе азайды – министрлік

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
үш ауысымды мектептер
Қазақстанда үш ауысымды мектептер саны 4 есе азайған / Фото: kursiv.media

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан бойынша үш ауысымды мектептер саны 4 есе азайғанын мәлімдеді. Бұл соңғы 6 жылда жаңадан салынған мектептердің негізінде мүмкін болған.

Үш ауысымда оқыту тәжірибесін тоқтатқан өңірлер

Министрліктің мәліметінше 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 жаңа мектеп салынған. Ал 2023–2024 жылдар аралығында 510 мың орынға арналған 422 білім ошағы бой көтерген.

Нәтижесінде:

  • Үш ауысымды мектептер саны 4 есе азайған;
  • Апатты жағдайдағы мектептер саны 2 есе қысқарды;
  • Оқушы орындарының тапшылығы 4 есе төмендеді.

Ал мынадай өңірлер үш ауысымды оқыту тәжрибесін тоқтатқан:

  • Шымкент қаласы;
  • Алматы қаласы;
  • Ақмола облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қызылорда облысы;

«Жаңа оқу жылының қарсаңында өңірлерде 115 мың оқушыға арналған тағы 83 жаңа мектеп ашылды, оның 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Жаңа мектептердің пайдалануға берілуі бірқатар өңірлерде үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен жоюға мүмкіндік берді», – делінген министрлік хабарламасында.

Алдағы жылдары қанша мектеп салынады?

Министрліктің хабарлауынша, елде 3 мың мектеп тек бір ауысымда оқиды. Ал 5 мың мектеп екі ауысымда оқиды. Ал жыл соңына дейін салынатын 140 мың орынға арналған 111 мектеп пайдалануға берілген соң, бұл көрсеткіштер айтарлықтай жақсарады деп күтіледі.

Сонымен бірге министрлік 2025–2026 оқу жылында елімізде жалпы сыйымдылығы 267 мың оқушыға арналған 232 жаңа мектеп салуды, 245 мектепті жаңғыртуды, 1 мың ауыл мектебін модернизациялауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз