Айгүл Иманбаева енесімен қарым-қатынасы туралы айтып берді

Жарияланды 3 Қыркүйек 2025 14:41

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Айгүл Иманбаева енесімен шығармашылық тендем орнатты / фото: Instagram
Айгүл Иманбаева енесімен шығармашылық тендем орнатты / фото: Instagram

Айгүл Иманбаева енесімен қарым-қатынасы туралы айтып берді. Танымал әншінің сөзіне қарағанда, оны анасындай көреді.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жария етті.

Айгүл Иманбаева: Жолдасымның анасы – менің де анам

«Ананың анадан артықшылығы, анадан ананың кемшілігі жоқ. Мен үшін аналарымның әрқайсысының орны ерекше! Менің шығармашылық шабытымды арттырып, үнемі қолдап жүретін тағы бір адам. Ол – менің жолдасымның анасы, менің де Анам», – деді Айгүл Иманбаева.

Әншінің айтуынша, енесі Ақжан да – өнер адамы. Сондықтан ол келінінің жан дүниесін жақсы түсінеді.

Енесімен шығармашылық тандем

«Екеуміздің арамызда – шығармашылық тандем», – деп, әнші күйеуінің анасына ризашылығын білдірді.  

Оқырмандар Айгүл Иманбаеваға да, анасындай болған енесіне де дән риза.

«Өсірді, жеткізді, үйлендірді. Келінмен күндеспей, өз өмірін бақытты етіп сүріп жатыр», «Бақытты бол! Сендей келін кездессін балама!» деп тілек айтушылардың қарасы көп.

Мұның алдында Айгүл Иманбаева өзінің фокусын жоғалтып алғанын мәлімдеген-ді.

Сондай-ақ оқыңыз