Жаңалықтар

Есірткіні бір рет қолданудың өзі қауіпті – психиатр-нарколог

Маман жастарға есірткіге мүлде жоламауға кеңес берді / фото: KursivMedia мұрағаты
Маман жастарға есірткіге мүлде жоламауға кеңес берді / фото: KursivMedia мұрағаты

Есірткіні бір рет қолданудың өзі психикаға кері әсер етеді. Психиатр-нарколог Тинатин Сагымбаева осылай мәлімдеді.

24 kg ақпаратына қарағанда, маман жаңа психоактивті заттар адамның психикасы мен жүйке жүйесіне әсер етеді.

«Оларды көбіне қолдан жасап шығарады. Формулаларын үнемі өзгертеді. Сондықтан оларды «дизайнерлік» наркотиктер деп те атайды. Қолжетімділік жоғары – наркобазар тез даму үстінде», – деді Тинатин Сагымбаева.

Психиатр жасөспірімдерге қатысты екі негізгі мәселені атап өтті. Олар – психология, генетика, физиология.

«Ересек адам кейбір жағдайларды алдын ала болжай алады және бір рет қолданудың да салдары теріс болатынын түсінеді. Ал жасөспірім физикалық тұрғыдан қауіптерді бағалай алмайды. Ми 25–27 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан ата-аналар мен қоғам сақ болуы қажет», -деді маман.

Айта кететін жайт, Қостанайда Telegram арқылы 100 млн теңгеге есірткі сатқандар 8 жылға сотталды.