– 2 °С дейін суық: 4 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Синоптиктердің болжамынша, 4 қыркүйекте ауа райы құбылмалы болмақ / Pexels/Tom Swinnen, бильд-редактор: Аружан Махсотова
Синоптиктердің болжамынша, 4 қыркүйекте ауа райы құбылмалы болмақ / Pexels/Tom Swinnen, бильд-редактор: Аружан Махсотова

4 қыркүйекте Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыста қатты жауын, бұршақ, жел күшейеді.

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік, оңтүстік-шығыста және орталықта күн ашық болады.

4 қыркүйек, бейсенбі күні, Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр. Жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай  ойнайды. Ал батыста қатты жауын, бұршақ және жел күшейеді.

Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.

Республика бойынша жел күшейеді. Ал солтүстік бөлігінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі мүмкін.

Елдің шығысы мен орталығында түнде ауа температурасы +2…+10 °С дейін төмендеп, кей жерлерде жер бетінде – 2 °С дейін күн суытады.

Күндіз 4 қыркүйектегі ауа температурасы құбылмалы:

Батыста: +18…+33 °С-тен +15…+27 °С дейін;

Солтүстік облыстарда: +17…+28 °С-тен +25…+30 °С дейін;

Орталық аймақтарда: +20…+32 °С-тен +25…+35 °С дейін;

Шығыста: +12…+25 °С;

Оңтүстікте: +30…+35 °С-тен +33…+38 °С дейін;

Оңтүстік-шығыста: +22…+30 °С-тен +28…+33 °С дейін;

Таулы аудандарда: +18…+23 °С.

Мұның алдында Қазгидромет үсік жүретін аймақтарды атады.

Сондай-ақ оқыңыз