Путин Зеленскийді Мәскеуге шақырды

Путин Зеленскийді Мәскеуге шақырды. Бұған келіссе, онда кездесуге дайын екенін айтты. Бұған дейін Зеленский осындай ұсыныстан бас тартқан.
Ол келіссөзді Еуропадағы бейтарап алаңда өткізуге ұсыныс жасаған.
RBC ақпаратына қарағанда, Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуге келіссөз жүргізуге келуі мүмкін. Бұл туралы Қытайға төрт күндік сапарынан кейін Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.
«Дональд мені, егер мүмкін болса, осындай кездесуді өткізуге шақырды. Егер Зеленский Мәскеуге келуге дайын болса, онда кездесу жүреді», – деді Путин.
Бұған дейін, тамыз айында, AFP агенттігі Путиннің осындай ұсынысы туралы хабарлаған. Агенттіктің дерегінше, бұл идеяны Ресей президенті американдық әріптесі Дональд Трамппен Аляскада әңгімелесу кезінде айтқан. Кейін агенттік Зеленскийдің кездесуден бас тартқанын хабарлады.
Ресей мен Украина президенттерінің кездесуін дайындау басталғанын АҚШ президенті Дональд Трамп тамыздағы саммиттен кейін мәлімдеген.
Зеленский Путинмен келіссөзді Еуропадағы бейтарап жерде, мысалы, Швейцария немесе Австрияда, немесе Түркияда өткізуге ұсыныс жасаған.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Путин Зеленскиймен кездесуге дайын екенін, бірақ тек «президенттік күн тәртібі» болғанда ғана екенін айтқан.