
Төреғали Төрәлінің қарындасы Дина Төрәлі 22 жасында үшінші сәбиін көтергенін жария етіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
«Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір!» – деп жазды Дина Төрәлі.
Оқырмандар жас анаға қолдау білдіріп, қуаныштарына ортақ екеніндерін білдіріп жатыр.
«Құтты болсын, сұлу келіншек! Алла қолдап, 9 ай 9 күн көтеріп, толғағың жеңіл болып, аман-есен бауырыңа ала бер!», – деп игі тілектерін жаудыру үстінде.
Мұның алдында Төреғали сахнадан кетемін деп жариялағанымен, кейінірек әнші продюсер Жан Мұқановпен келісімшартқа отырғаны мәлім болды.