Торғай етінен кәуап пісірген шайхана иесіне айыппұл салынды

Торғай етінен кәуап пісірген шайхана иесіне айыппұл салынды. Оқиға Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында болған.
Кун ақпаратына қарағанда, Әлеуметтік желіде жаға ұстатарлық видео тарады. Онда шайханадағы аспаздар торғай етінен шашлык дайындап жатқан көрініс бейнеленген. Жергілікті билік бұл шайхананы анықтап, иесіне айыппұл салды.
Аймақтың экологиялық басқармасы мәліметінше, ролик жарияланғаннан кейін экологтар мен патрульдік қызметкерлер оқиға орнына барып тексерген. Бірақ заң бұзушылық анықталмаған. Чайхана иесі видео клиенттерді тарту үшін бұрын түсіргенін айтқан.
Инспекторлар жетекшімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, әкімшілік кодекстің 63-бабы – «заңсыз аңшылық өнімін қабылдау» бойынша хаттама жасаған. Нәтижесінде шайхана иесіне 4,1 миллион сом көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қазақстанда заң талаптары бойынша кәуапты тек мангал, гриль немесе барбекюде пісіру қажет.