Ғалымдар түнде жарқырайтын түрлі түсті өсімдіктерді жасап шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ғалымдар түнде осы гүлдер көшелерге жарық бере алатынын айтып отыр / фото: "Аватар" фильмі, скрин
Ғалымдар түнде осы гүлдер көшелерге жарық бере алатынын айтып отыр / фото: «Аватар» фильмі, скрин

Ғалымдар түнде жарық шығаратын және түрлі түсті жарқырайтын өсімдіктерді жасап шығарды. Олар көшелерді жарықтандыра алады.

CNN ақпаратына қарағанда, ғалымдар түнде жарық шығаратын және жеткілікті мөлшерде жарық бере алатын түрлі түсті өсімдіктерді жасап шығарды. Мұндай өсімдіктер ғылыми фантастика немесе фэнтези әлемінен шыққандай көрінеді.

АҚШ-та қазірдің өзінде мұндай жасыл түсті жарқырайтын өсімдіктер сатылымға шықты. Ал қытайлық зерттеушілер топтары одан әрі дамытып, алғаш рет түрлі түсті және ең жарық люминесцентті өсімдіктерді жасады.

«Аватар» әлемін елестетіңіз. Онда жарық шығаратын өсімдіктер бүкіл экожүйені жарықтандырады», – дейді биолог Шутина Лю, Гуанчжоудағы Оңтүстік Қытай ауылшаруашылық университетінің зерттеушісі және зерттеу авторы.

Оның сөзінше, бұл идеяны зертханада қолданатын материалдар арқылы жүзеге асырған. Жарық шығаратын ағаштар енді көшелердегі шамдарды алмастыра алмақ.

Өсімдіктерді жарық шығаратындай ету үшін зерттеушілер Echeveria «Mebina» суккулентінің жапырақтарына стронций алюминатын енгізген. Бұл зат түнде жарқырайтын ойыншықтарда жиі қолданылады. Ол жарықты сіңіріп, оны уақыт өте баяу қайта шығарады.

Бұл әдіс ғалымдардың дәстүрлі генді өңдеу техникасынан ауытқуы болып табылады. Бұрын Массачусеттс технологиялық институтының зерттеу тобы жасаған үлгіні пайдалану арқылы осы эффектке қол жеткізіп отыр.

Мұның алдында ғалымдар бала босана алатын робот жасап шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз