Турлов шетелдік құнды қағаздарға қатысты салықтың әділ болуын қалайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Турлов шетелдік бағалы қағаздардың салығы әділ болу керектігін айтты / Фото: ITS Ideas баспасөзі

Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов шетелдік бағалы қағаздар мен қаржылық деривативтердің салығы әділ болу үшін Мемлекеттік кірістер комитетімен жұмыс істеп жатқанын айтты. Яғни брокерлер осы саладағы салық ережелерін әділетті етуге күш салып жатыр.

«Біз Мемлекеттік кірістер комитетімен шетелдік бағалы қағаздар мен деривативтер бойынша операцияларға әділетті салық салуға қол жеткізгіміз келеді. Бұл – біз үшін ең басты міндет. Барлығына салықтық жеңілдік беру мүмкін емес», – деді ол ITS Ideas конференциясында.

Турлов қазіргі уақытта Қаржы министрлігінен жаңа салықтық жеңілдіктерді талап ету орынсыз екенін айтады. 

«Қазір басты міндет – салықты әділ ету керек, өйткені ұзақ уақыт бойы әділдік болмады. Қазіргі Салық кодексінде пайда болған алғашқы сальдо маңызды қадам. Яғни брокерлерге кеткен шығындарды, жеке тұлғалардың табысы мен шығын сальдосы. Бұл дұрыс бағыттағы үлкен әрі маңызды қадам және оның жүзеге асқаны өте жақсы жаңалық деп айта аламын», – деді Турлов.

Холдинг басшысы енді деривативтерге салынатын салықты әділ  ету ғана қалғанын атап өтті. Бұл олардың аймақтық нарықта дамуын ынталандыру үшін қажет.

«Енді деривативтерге қатысты мәселені шешу керек. Бұл – деривативтер нарығының дамуын әлі де айтарлықтай тежеп тұрған нәрсе», – деді ол. 

Турлов өз сөзінде Қазақстанда деривативтер нарығының әлі жоқ екенін айтады. Бұл ретте, Турлов «Астана» халықаралық қаржы орталығында инвесторларға салықтар бойынша жеңілдіктер бере алатын қорлар бар екенін еске салды.

«Мұнда мәселе жаңа салықтық жеңілдіктер ойлап табуда емес, керісінше, қолданыстағы салық жүйесін үздік халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек. Егер біз соған қол жеткізсек, бұл жеткілікті болады деп ойлаймын. Қазіргі заманда табысыңызды заңдастырып, ашық және түсінікті болуы үшін 10–15% жеке табыс салығын төлеген әлдеқайда дұрыс», – деді ол.

 Оның пікірінше, Қазақстанда әділ салық салу және тиісті реттеу енгізілгеннен кейін,  қаржылық деривативтер нарығы бір жыл ішінде жандана бастауы мүмкін.

Айта кетейік ITS Ideas конференциясында Тимур Турлов Қазақстанда алдағы жылдары инфлияция өте жоғары деңгейде болатынын және теңгенің құнсыздануы әлі де жалғасатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз