Балаева министрдің ұсталғаны туралы жалған ақпарат таратқан БАҚ-қа ескерту жасады

БАҚ-та Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарады. «Курсивтің» ҚР СІМ-дегі дереккөзінің хабарлауынша, министр 4 қыркүйек таңертең жұмыс орнында болған.
«Курсивтің» мәліметінше, министр ұсталды деген ақпарат жалған және ол өз міндетін атқаруды жалғастырып жатыр.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
«Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралып жатыр. Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет», – деп жазды министр.
Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауға тиіс.
«Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын», – деді Балаева.
Айта кетейік, бұған дейін экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы да жалған ақпарат тараған.