УЕФА ескертуі: «Қайрат» стадионды өз қаражатына реттеп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қайрат» футбол клубы өз қаражатына УЕФА атаған кемшіліктерді жойып жатыр/фото: kursiv.media архиві

«Қайрат» – «Реал» матчы Астанада өтпейді. Қазір бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ. Қазақстанда өтетін төрт ойын да Алматыда ұйымдастырылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты.

«Ойындар Алматыда өтеді. Бұл нақты ақпарат. Мұны қала әкімдігі, «Қайрат» футбол клубымен бірлесіп бекіттік.

Стадионның дайындығына келсек, УЕФА өкілдері келіп, бірнеше ескерту айтты. Қазір «Қайрат» футбол клубы өз қаражатына ол кемшіліктерді жойып, стадионды дайындап жатыр», – деді Жарасбаев.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері 20 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.

Сондай-ақ оқыңыз