«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері сатылымға шығатын уақыт белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері сатылымға шығатын уақыт айтылды/фото: KursivMedia мұрағаты

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны билеттері шамамен 20 қыркүйекте сатылымға шығады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Вице-министр билеттерді сатуға «Қайрат» футбол клубы жауапты екенін айтып өтті.

Қолымызда бар ақпаратқа сәйкес, билет сату ойыннан 10 күн бұрын басталады. Яғни, егер ойын 30 қыркүйекте өтетін болса, онда сатылым шамамен 20 қыркүйекте басталады», – деді Жарасбаев.

Вице-министр азаматтарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды. Билеттерді «Қайрат» клубының сайты немесе оның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Жарасбаев ойын билеті қанша тұратынынан хабары жоқ екенін айтты. Сөзінше, «Қайрат» клубы бағаны сұранысқа сүйеніп белгілейді.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. Ал «Интермен» кездесу 5 қарашада Миланда өтеді. «Арсеналмен» кездесу 2026 жылдың 28 қаңтарына жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз