Қазақстан – Уэльс матчы кезінде Астанада көлік қозғалысы шектеледі
Жарияланды

Қазақстан – Уэльс матчы кезінде Астанада көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
4 қыркүйекте кешкі сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан мен Уэльс құрамалары ойнайды. Кездесу 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына іріктеу матчы болып саналады.
«Матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Астана Арена» стадионы маңында «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», – деп жазылған хабарламада.

Көлік қозғалысына шектеу матч басталардан бірнеше сағат бұрын енгізіліп, ойын аяқталғанға дейін сақталады. Жүргізушілерге сапарын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.