Қордайда алты жастағы қызын зорлаған ер адам сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталлы/фото: shutterstock

Қордайда алты жастағы қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды. Сот үкімі жайында Жамбыл облысы соттарының баспасөз қызметі хабарлады.

2025 жылдың 25 сәуірінде ер адам мас болып, 6 жастағы қызының дәрменсіздігін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Оған қатысты іс қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша қаралды. Ер адамның кінәсі жәбірленуші қыздың берген жауабымен, сарапшы қорытындысымен дәлелденді.

Прокурор сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмеді, заң бойынша жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы Ж. кінәсін толық мойындады.

Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Сот оны өмір бойына соттауға үкім шығарды.

Моральдық зиян өтемі ретінде ер адамнан 5 млн теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Семейде 12 және 13 жастағы жас балаларға қатысты қылмыс жасаған студент өмір бойына сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз