Руслан Берденов Бейжіңге не үшін барды?

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Берденов Қытайға барды/фото: Instagram/syrymbek_tau

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Руслан Берденовтің Қытайға не себепті барғанын нақты айта алмады.

Бұған дейін Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовтің Қытайда жүрген фотосы жарияланды. Желіде тараған фотода елдің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де бар.

Сенат кулуарында БАҚ өкілдері «Қытайға барған Қазақстан делегациясының арасында Руслан Берденовті де көрдік. Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары ол жерге кім ретінде қатысты?» деп сұрады.

«Сіз айтып отырған фотоны көрген жоқпын. Жеке тұлға ретінде, бизнес өкілі ретінде барған болар», – деп жауап берді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, тамызда Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті.

Ал қыркүйектің басында Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Берденовтің саясатқа қайта оралу туралы жоспары жоқ екенін жеткізді. Ол денсаулығы мен отбасына көңіл бөлуді ұйғарған. 

Сондай-ақ оқыңыз